Испанияда баспана жалдау құнының өсуіне қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда баспана жалдау құнының өсуіне қарсы шеру өтті

07.04.2025

Испанияда пәтерді жалға алу 2 есе қымбаттады. Ал соңғы 10 жылда баспана сатып алу бағасы 44 пайызға өскен. Ел астанасы Мадридті қоса алғанда, елу қалада адамдар тұрғын үй саласындағы қымбатшылыққа қарсы шеруге шықты. Олар пәтер жалдаудың әділ құнын белгілеуді, ұзақ мерзімді келісімшарт жасауды, туристік пәтер нарығын бақылауға алуды талап етті. Елде баспана жалдау ақысының өсуіне тұрғын үйдің жетіспеуі себеп. Испаниялықтар үйді жалға алу үшін табысының 50 пайызын жұмсауға мәжбүр.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу