Депутаттар әскери шеруге дайындық барысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар әскери шеруге дайындық барысымен танысты

07.04.2025

Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге дайындық қызу жүріп жатыр. Бір топ мәжіліс депутаты салтанатты шараға әзірлік барысымен танысу үшін, Астана қаласында орналасқан далалық лагерьге барды. Ондағы тұрмыстық жағдаймен танысып, монша кешендерін, медициналық пунктер мен тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерін, сондай-ақ әскери қызметшілердің тамақтануын ұйымдастыр жұымысын тексерді. Сондай-ақ парадқа қатысатын қарулы күштердің әскери киім үлгілерін де қарап, жоғары бағалады.

Айдос Сырым, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Күн жақындаған сайын тағы бір келіп кететін шығармыз. Енді ғана әскери бөлімдер қоныстанып жатыр, техниканы теріп, қайтадан бүкіл жаттығуын енді ғана өткізіп жатыр. Ең бастысы, біз сарбаздар үшін барлық жағдайлар жасалғанына көз жеткіздік. Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр, тек ауа райы қолайлы болса деп тілейміз енді.


Хабарламаларға жазылу