Солтүстік Қазақстан облысында қазақ киносының апталығы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында қазақ киносының апталығы өтіп жатыр

07.04.2025

Солтүстік Қазақстан облысында қазақ киносының апталығы өтіп жатыр. Жоба аясында Петропавл қаласы мен аудан орталықтарында көрерменге түрлі жанрда түсірілген 20-ға жуық толықметражды фильм ұсынылады. Сонымен қатар деректі фильмдер мен балаларға арналған анимациялық мультфильмдер көрсетіледі. Шараны ұйымдастырушы – Ұлттық киноны қолдау орталығы. Аталған ұйым соңғы 5 жылда көпшілікке 120-ға жуық өнім ұсынды.

Құрманбек Жұмағали, ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы:

Жылдың аяғына дейін барлық өңірді аралаймыз. Өңір орталықтарында ғана емес, ауыл аймақтарда, аудан орталықтарында, бүкіл қазақ жұрты, еліміздің азаматтары қазақ киносын көрсін деген мақсатымыз, ниетіміз. 

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу