3 облыста тасқыннан келер қауіп сейілді. Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарындағы су қоймаларының деңгейі түсе бастады. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Ақмола су қоймасынан секундына 260 текше метр су жіберіліп жатыр. Ал бұл жұмыстар Шығыс Қазақстан облысында екі есеге көп жүргізілуде. Мәселен, Бұқтырмадан 561 текше метр, Өскемен су қоймасынан 450 текше метр су жіберіліп жатыр. Абай облысында да тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Шүлбі қоймасынан су өзендерге құйылып жатыр.
Самал Қабышева
