Зеленский ел әскерінің Ресейдің Белгород облысына кіргенін растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеленский ел әскерінің Ресейдің Белгород облысына кіргенін растады

08.04.2025

Украина президенті Владимир Зеленский ел армиясының Ресейдің Белгород облысына да кіргенін растады. Бұл операцияның мақсаты – шекара маңындағы қалаларды көрші елдің шабуылынан қорғау. Бұған дейін ресейлік әскери блогерлер екі мемлекет қарулы күштерінің Белгород аймағында соғысып жатқанын бірнеше рет хабарлады. Айта кету керек, Украина жауынгерлері былтыр тамызда Ресейдің Курск облысына басып кірді. Сол сарбаздардың басым бөлігі шығарылған. Алайда Зеленский айтқандай, олардың бір бөлігі Курскте әлі де шайқасып жатыр.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу