Astana LRT ісі бойынша борышкерлер мемлекетке ₸920 млн қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Astana LRT ісі бойынша борышкерлер мемлекетке ₸920 млн қайтарды

08.04.2025

Astana LRT-ның бұрынғы басшылары мемлекетке қарыздарын қайтарып жатыр. Астана прокуратурасының ақпарынша, борышкерлер мемлекет балансына 40 жылжымайтын мүлікті берген.

Атап айтсақ, 39 коммерциялық ғимарат пен жалпы ауданы 12,8 гектарды құрайтын, асфальт-бетон зауытына қызмет көрсетуге арналған теміржол жолдары бар жер телімі. Бұл активтердің жалпы құны 920 млн тг. Қазіргі таңда 615 млн тг болатын 37 нысанды қайтару жұмыстары жүріп жатыр.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу