Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары бекітілді

08.04.2025

Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары бекітілді. 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоба өңірдің туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымын ауқымды дамытуға бағытталған. Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына орай кешенді жоспар әзірленді. Биыл Бурабайдың инфрақұрылымын дамытуға 3,5 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ туристік аймақтарды ұялы байланыс пен интернетпен қамту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Саланы дамыту мәселесі бүгін Үкіметте қаралды. Премьер-министр жол бойындағы дәмханалар, жанармай құю бекеттері сынды қызмет көрсететін орындардың сапасын жақсарту міндетін қойды.

Олжас Бектенов, Премьер-министр:

Өңір әкімдері туристік объектілерді қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмысын жандандыру қажет. Көлік, сауда, Ұлттық экономика, Туризм министрліктері мен әкімдіктер жол бойындағы сервисті жақсарту жұмыстарын жалғастырсын.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу