Елімізде ажырасқандарға салынатын салық 10 есе өсуі мүмкін. Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексіне осындай өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Депутат Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, бұл бастама мемлекеттік бюджетті толтыруды емес, отбасылық құндылықтарға деген жауапкершілікті арттыруды көздейді. Жаңа Салық кодексінің жобасында некені бұзғаны үшін төленетін мемлекеттік баж салығын 1 966 теңгеден 19 660 теңгеге дейін көбейту ұсынылған. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, былтыр 40 500 адам ажырасқан. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 300 адамға көп.
Асылбек Данияр
