Жеңістің 80 жылдығына орай «AMANAT» партиясы ел аумағындағы барлық Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштерді, мемориалдық кешендерді және басқа да тарихи орындарды абаттандыру бойынша ауқымды акцияға бастамашы болды. Павлодардың Ақтоғай ауданында Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш 55 жылдан кейін қайта жаңартылды. Тақтада соғыста қаза тапқан азаматтардың есімі жазылған. Жаңарудан кейін бұрын ұмыт болып қалған боздақтардың да есімі енгізіліпті. Бұл «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде атқарылған жұмыс.
Шаяхмет Садуақасов, Ақтоғай ауданының құрметті азаматы:
Ескерткіш деген жалпы қаза болған бабаларымызға қажет емес. Бұл біздің болашақ ұрпаққа керек. Себебі, соғыстың мағынасын оның нәтижесі туралы, оған деген баға, көзқарас қазір көп жағдайда өзгеріп, қайта қопарылып жатыр.
Асылбек Данияр
