Қарағандыда мектеп оқушыларына есірткі зияны туралы түсіндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда мектеп оқушыларына есірткі зияны туралы түсіндірілді

09.04.2025

Қарағандыда полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына есірткінің зияны туралы түсіндірді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы 9–11 сынып оқушыларына есірткіге қарсы профилактикалық бағытта дәріс өткізіп, арнайы бейнежазбалар көрсетті. Шараға Кинология орталығының мамандары да қатысты. Оқушылар қызметтік иттердің есірткі заттарын іздеу және анықтау бағытындағы жаттығуларын тамашалады.

Бақытгүл Калекина, мектеп директоры: 

Бұл қазіргі таңда оқушыларға қажетті нәрсе. Қазір түрлі жағдайлар болып жатқаны белгілі. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар өз құқығын білуі қажет. Кез келген жағдайларға дайын болуы керек. Сондай-ақ алданып қалмауы керек. 

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу