Оралда өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық директоры 11 млн теңге ұрлады деп айыпталды.
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары лауазымды тұлғаның электр жабдықтарын жөндеу бойынша жалған актілерге қол қойғанын анықтады. Іс жүзінде орталықта ешқандай жұмыс орындалмаған. Жалған жұмысшыларға жалақы төленген. Осылайша өткен жылдың ақпан-желтоқсан айлары аралығында бюджеттен 11,5 млн теңге ұрланған. Тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.
Ардақ Мұратқызы
