Қызылорда облысының білім саласында жемқорлық фактілері жиілеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының білім саласында жемқорлық фактілері жиілеген

09.04.2025

Қызылорда облысының білім саласында жемқорлық сипатындағы қылмыстар тыйылар емес. Қалалық Білім бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталып, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ал оған дейін мектеп директоры қызметтік құзыретін асыра пайдаланып, жаңадан келген мамандарды конкурс тәртібін сақтамай жұмысқа алған. Ол өз кінәсін мойындап, сот бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Ал наурыз айында шаһардың бас педагогы бір маманды қала мектептерінің біріне жұмысқа тұрғызамын деп пара алған жерінде тұтылды.

Ризабек Ожаров, облыс прокуроры:

Қылмыстық іс бойынша қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалуда. Бас шарасы ретінде үйқамақ қолданылған. Факт бойынша жұмысқа орналастырамын деп 1 миллион теңге пара алу күдікпен іс тіркелген.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу