Доминикан Республикасында түнгі клубта 98 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доминикан Республикасында түнгі клубта 98 адам қаза тапты

09.04.2025

Доминикан Республикасында үш күн аза тұту жарияланды. Ел астанасы Санто-Домингода түнгі клубтың шатыры құлап, 98 адам қаза тапты. 155 адам жараланған. Құрбандардың саны көбеюі мүмкін. Үйінділер астында қалғандарды іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр. Оған дрондар мен ауыр техника тартылған. Апат кезінде түнгі клубта шамамен нақты қанша адам болғаны беймәлім. Олар жергілікті танымал әнші Рубби Перестің концертін тамашалауға барған. 69 жастағы әншінің өзі де оқиға кезінде опат болды. Әзірге клуб шатыры неліктен құлағаны белгісіз. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу