Түркістан облысында ҚХА 30 жылдығына орай көкпар тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында ҚХА 30 жылдығына орай көкпар тартылды

09.04.2025

Түркістан облысының Төлеби ауданында ерекше көкпар өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қазақтың ұлттық ойыны көкпар өтті.

Елді ынтымақ-бірлікке шақырып, салауатты өмірді насихаттаған спорт додасына облыстың бірқатар аудан-қалаларынан шабандоздар қатысты. Жүлде қоры 4,5 млн теңге. Жарыстан Жамбыл, Қызылорда облысының да шабандоздары шет қалмады. Сайысты Германия, Ресей, Қытайдан келген қонақтар да тамашалады.

Виктор Деревянок, кәсіпкер:

Көкпар – қазақтың төл спорты әрі рухы мықты жігіттердің ойыны. Пырақтың үстінде өскен азамат елшіл, халықшыл келеді деп ойлаймын. Сондықтан да, алдағы уақытта ұлттық спортты қолдап, дәріптеуді жалғастырмақ ниеттемін.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу