Талдықорғанда «Eco Hackathon» экологиялық акциясы өтті. «Таза Қазақстан» аясында белсенділер Жеңіс саябағын күл қоқыстан тазартты. Игі шараға 40-қа жуық адам қатысқан. Олар табиғатты қорғау мәселесін қаузап, панельдік пікірталас ұйымдастырды. Жеңімпаз топ экологиялық жобалар әзірлеу мүмкіндігін ұтып алды.
Ұлпан Кариманова, Қазақстан студенттерінің альянсы облыстық филиалының белсендісі:
Үздік жобалар алдағы уақытта өңірде жүзеге асыру үшін қарастырылатын болады. Eco Hackathon – бұл жай кездесу ғана болып қалмай, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыратын, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын және Жетісудың жасыл болашағына үлес қосатын маңызды бастама.
Ғабит Ұзақбай
