1-қарашадан 15-желтоқсан аралығында өткен сайыстың нәтижесінде бас жүлдені павлодарлық Денис Романов жеңіп алды. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпазға 2 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. «Байқаудың басты мақсаты - заманауи мәдениетті ұлттық құндылығымызбен жақындастыра түсу», - дейді ұйымдастырушылар. Сайысқа еліміздің әр өңірінен 137 жұмыс келіп түскен. Бір қызығы, жобаға Франция елінің азаматы да қатысуға ниет білдірген.
Сәуле Жиенқұлова, дизайнер:
- Тақырып бойынша 6 логотипті жұмыс болды. Халқымыздың құндылығы мен мәдениетінің сақталғанын көрсеткім келді. Негізгі екі түсті алдым. Сары қуанышты білдірсе, ал, көк біздің туымыз, аспанымыз, тазалықтың символы іспеттес.
Алтынай БАРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада дизайнерлер байқауының жеңімпаздары марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20954/)