Алматыда әуежайдағы кепілге алу ісі қайта тергеуге жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әуежайдағы кепілге алу ісі қайта тергеуге жіберілді

09.04.2025

Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алу ісі қайта тергеуге жіберілді. Түрксіб аудандық сотының судьясы Дастан Әлмағамбетов іс материалдарын прокуратураға жіберу туралы шешім шығарған. Сондай-ақ айыпталушы Машрапбек Баратовты ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Судьяның түсіндіруінше, істің қысқа мерзімде сотқа жетуіне айыпталушының кінәні толық мойындауы себеп болған. Алайда Баратов сот залында ресми түрде кінәсін мойындаудан бас тартты. Сол себепті іс қосымша тергеуге жолданып отыр.

7 наурыз күні Алматы әуежайында қолында пышағы бар ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, елді дүрліктірді. 67 жастағы айыпталушының қылмысы дәлелденсе, 5 жылдан 12 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қуан Нұрақын 

Хабарламаларға жазылу