Елімізде көктемгі егіс науқанына дизель отынының бағасы бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде көктемгі егіс науқанына дизель отынының бағасы бекітілді

11.04.2025

Биыл ауылшаруашылығы дақылдарын 23,7 миллион гектар жерге егу жоспарланып отыр. Бұл өткен жылдан 413 мың гектарға артық. 13 миллион гектарға бидай себіледі. Бұдан бөлек, басқа да майлы дақылдар, картоп және көкөніс түрлерін егу жұмыстарына қажетті құралдар мен қаржы дайын. Мысалға, науқан басталғанша техника түгел «сақадай сай» болады, дейді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері. Ал аграрлық несие корпорациясы қазірдің өзінде 442 миллиард теңгені 6 мыңнан аса шаруа қожалығына бөлуді жоспарлап отыр. Энергетика министрлігі биылғы егіс науқанына 401 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлді. Оны тиеп жөнелту бойынша облыстардағы мұнай өңдеу зауыттарына бөліп, ортақ бағасы бекітілді.

Ербол Тасжүреков ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Операторлардың шығындарын ескере отырып, шаруалар үшін түпкілікті баға литріне 254 теңгені құрайды. Бұл нарықтан 15 пайызға арзан. Нарықтық баға қазір литріне 295 теңгені құрайтынын айта кеткен жөн.

Азамат Нұғыманов

Хабарламаларға жазылу