Елімізде жастар арасында ревматологиялық аурулар асқынып барады. Дерттің дендеуіне себеп көп дейді дәрігерлер. Оның қатарында тамақтану үрдісі, өмір сүру салты да бар. Қауіптілігі – ерте мүгедектікке апарады. Қазір буын ауруына шалдыққан 1 млн науқас тіркелген. Ревматологиялық аурулар 1 жастағы сәбиден де анықталып жатыр. Алматыда басталған Халықаралық ревматологтар конгресінде мамандар созылмалы сырқатты емдеудің озық әрі заманауи әдістерін сөз етті. Сондай-ақ отандық ревматология саласына жаңа технология тартудың тәсілдерін талқылады. Бүгінде өңірлерде ашылып жатқан ревматологиялық орталықтардың науқастарды диагностикалау мен емдеудегі маңызы зор дейді мамандар. Алдағы 2 жылда мұндай орталықты барлық аймақта ашу жоспарланған.
Ғалымжан Тоғызбаев, Денсаулық сақтау министрлігінің бас ревматологы:
Ол – аутоиммундық аурулар. Мына кеше болған ковидтан кейін сол аурудың саны өршіп жатыр. Қазір жаңадан шығып жатқан дәрі-дәрмектер бар, ауруды тоқтататын әдістер бар, солардың бәрін Қазақстанға енгізіп жатырмыз.
Жазира Оразқызы
