М.Әшімбаев: Білікті заңгерлер жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Әшімбаев: Білікті заңгерлер жетіспейді

11.04.2025

Елімізге білікті заңгерлер жетіспейді. Саны бар, сапасы жоқ. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев сала мамандарын осылай сынға алды. Бүгін Сенатта «Заң білімін дамыту» тақырыбына арналған Парламенттік тыңдау өтті. Депутаттар мен сарапшылар мүдделі тараптармен бірге сот және құқық қорғау жүйелерінің кадрлық әлеуетін нығайту, заң шығару қызметінің сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Ұсыныс-пікірлерін айтты. Мәулен Әшімбаевтың пайымынша, бұл ретте процестерді цифрландыруға және жасанды интеллект технологияларын қолдануға баса мән берген жөн.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім беру мәселесіне үнемі баса мән беріп келеді. Қазіргі таңда білімі мен ғылымы жоғары деңгейде дамыған мемлекет қана қуатты және бәсекелестікке қабілетті бола алатыны анық. Сондықтан Палата жоғары білім және оның сапасына, оның ішінде заң білімінің сапасына қатысты түрлі іс-шараларға ұйытқы болып келеді.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу