Әр ұлттың биін ұлықтаған ұжым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әр ұлттың биін ұлықтаған ұжым

12.04.2025

Қазақстан Халқы Ассамблеясы негізінде құрылған «Достық үйі» еліміз бойынша ең алғаш Шығыс Қазақстан облысында құрылды. Қазір барлық өңірде нәтижелі жұмыс істеп тұр. Әр ұлт пен этнос тілі мен ділін дамытады. Осы «Достық үйлері» жанында құрылған өнер ұжымдары да көп. Солардың бірі - Өскемендегі «Вайнах» хореографиялық би ансамблі. Шешен-ингуш халқының ән-биін насихаттайтын шығармашылық топ бүгінде Қазақстанның атын халықаралық байқауларда жаңғыртып жүр.

Владислав Каламаков хореографиялық ансамбльдың алтыншы буыны. Өнер ұжымы бұдан 33 жыл бұрын алғаш құрылғанда бес-ақ адам еңбек етсе, бүгінде, түрлі этнос өкілінен құралған түрлі жаста сексенге жуық биші бар.

Владислав Калмаков, биші:

Биден адам энергия алады. Көрерменге де берер әсері жақсы. Балабақшада жүргенде-ақ биледім. Кейін жарақат алып, біраз жыл қол үзуге тура келді. 5 жыл бұрын қайта бастадым. Қазір лезгинка билейтін жігіттер тобына жетекшілік етемін.

Ансамбль құрамы 2-3 жыл сайын жаңаланып отырады. Соған сәйкес репертуар да өзгереді. Ең негізгі мақсат әр ұлттың өнерін дәріптеу. Вильдан мен Александраның жұптасып өнер көрсетеді. Ансамбль құрамына келгендеріне көп болмаса да, бүгінге дейін бірнеше байқаудың жеңімпазы атанып үлгерді.

Вильдан Смятов, биші:

Ансамбль құрамында билеп жүргеніме екі жарым жыл болды. Осы 2 жыл ішінде көп нәрсе үйрендім. Қазір әр ұлттың биін билеп, үйреніп жатырмыз.

Александра Огулева, биші:

Би деген - энергия. Әрқашан көңіл-күйің жоғары жүреді. Ең бастысы рухың биік болады. Биді сол үшін жақсы көремін.

Ансамбль құрылғаннан бері 6 буын алмасты. Отыз үш жылда түрлі байқау мен фестивальде тек жүлдемен оралып жүр. Сөреде самсап тұрған мына кубок пен медаль және дипломдар соның дәлелі.

Равиль Юнусов, «Вайнах» шешен-ингуш хореографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі:

1992 жылы ынталы азаматар осындай ансамбль құру туралы бастама көтереді. Ол бастаманы жергілікті билеп бірден қолдайды. Міне арада 33 жыл өтті. Шығармашлық ұжым үлкен жетістікке жетті. Қазір ҚХА жанында мұндай ұзақ жұмыс істеп келе жатқан өнер ұжымы өте аз.

Барлық мемлекеттік мерекелер мен шарларда өнер көрсетеді. Тек шығыста емес гастрольдік сапармен жыл сайын Қазақстан мен қоса басқа мемлекеттерге де барып тұрады.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу