Оңтүстік Кореяның биліктен шеттетілген президенті Юн Сок Ёл Сеул қаласының орталық сотына жеткізілді. Енді ол өзіне қатысты қылмыстық іс бойынша жауап беруі керек. Юнға былтыр желтоқсан айында әскери жағдай жариялап, бүлікті басқарды деген айып тағылып отыр. Мұндай баппен сотталғандар Кореяда не өмір бақи түрмеге қамалады, не өлім жазасына кесіледі. Юнның өзі болса, тағылған кінәлардың бәрін жоққа шығарып отыр.
Айта кетсек, елдің Конституциялық соты Оңтүстік Корея басшысын осы айдың басында импичмент процедурасы нәтижесінде қызметтен аластатқаны белгілі.
Арыстан Рысбек
