Милад Карими әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Милад Карими әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті

14.04.2025

Хорватияда өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Милад Карими жеңімпазы атанды. Отандық спортшы қарсыластарынан озып түсті.

2-орынды Израиль спортшысы Александр Мякинин алса, үштікті қытайлық Чени Се түйіндеді. Бұл - Каримидің осы жарыстағы екінші медалі. Бұған дейін ол еркін жаттығудан үшінші орын алған болатын.

Темірлан Нұрсолтан

Хабарламаларға жазылу