55 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

55 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізілді

14.04.2025

55 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізілді. Тозығы жеткен электр, жылу желілерін жаңарту жұмыстары қарқынды жалғаса береді. Бұл - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы. Осыған орай Үкімет атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті. Қазір алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті. 10 энергетикалық блок, 63 қазандық пен 39 турбинаны жөндеу жоспарланған.

Ұлттық энергетиканы жаңғырту ұлттық жобасы аясында 78 мың шақырымға жуық электр, 1,6 мың шақырым жылу желілері жаңартылады. Оның жалпы бюджеті 4 трлн теңге. Осы жұмыстар нәтижесінде 2029 жылға дейін электр желілерінің тозуы 45%-ға, жылу желілерінің тозуы 42%-ға төмендейді. 

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу