Алматы облысының Ақтерек ауылы әз-Наурызды атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Ақтерек ауылы әз-Наурызды атап өтті

14.04.2025

Алматы облысындағы Жамбыл ауданы Ақтерек ауылының халқы әз-Наурыз мейрамын атап өтті. Қоңыртөбенің етегіндегі Майтөбеде 30-ға жуық ақшаңқан киіз үй тігіліп, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымыз дәріптелді. Наурыз көже таратылып, ұлттық тағамның түр-түрі ұсынылды. Бір мыңнан астам адам жиналған дүбірлі тойда ат бәйгесі, палуан күрес, кір тасын көтеру, арқан тартыс, қошқар көтеру сияқты ұлттық ойын түрлерінен жарыстар өтті. Ал өнерпаздар концерт ұйымдастырып, жиналған жұртқа мерекелік көңіл күй сыйлады.

Талғат Әбдіманап, ауыл тұрғыны:

Көптеген үй салынып, жол жасалды. Газ түсті. Соның қуанышы, халықтың қуанышы, көктемге шығып, кеңге жайылып, ас беріп жатқан жайымыз бар.

Ерлан Қожабергенов, Алматы тұрғыны:

Отбасымызбен дайындалып, киімімізді арнайы киіп келіп отырмыз. Күрес болып жатыр, арқан тартыс сияқты ұлттық ойындарымыз болып жатыр. Керемет Наурызды өткізіп жатқан Ақтерек ауылына рахмет!

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу