Биыл Қазақстанның Халық әртісі, күйші-композитор, дирижер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл. Осыған орай Mega сауда ойын-сауық орталығы бір уақытта Астана мен Алматыда концерт ұйымдастырды. Толығырақ тілші материалында. Халық әртісінің ғасыр тойы қос қалада қатар тойланды. Бір уақытта 160-тан астам музыкант Алматы мен Астанадағы Mega сауда орталығының сахнасында өнер көрсетіп, композитор шығармаларын орындады. Алматылық көрермен «Отырар сазы» оркестрінің және Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің өнерін тамашалады.
Дінзухра Тілендиева, «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі:
Біздің әр концертіміз ерекше. Бүгін де өте ерекше күн. Өйткені әкемнің жүз жылдығын халық болып атап өтіп жатырмыз. Біз бұл ғасыр тойына ұзақ дайындалдық. Жиналғандар әкемнің шығармаларын сүйіспеншілікпен тыңдады. Өнер адамы үшін бұдан асқан бақыт бар ма?! Алматылықтарға алғысым шексіз.
Ал астаналықтар Еркеғали Рахмадиев атындағы филармония оркестрінің өнеріне тәнті болды. Жиналғандар арасында қала қонақтары мен күйшінің жақындары да бар.
Қуат Әкімбаев, «MEGA SILK WAY» СОО директоры:
Мега сауда ойын-сауық орталығына келген қонақтарымызға Н.Тілендиевтің шығармашылығы мен 100 жылдығын атап өтіп, ұрпақтарымызға, келген қонақтарымызға шығармашылығымен жақын таныстыру. Мынау келе жатқан ұрпаққа негізгі рухани тәрбие деп ойлаймыз.
MEGA сауда ойын-сауық орталығы желілері жыл сайын 400-ден астам мәдени-рухани іс-шара ұйымдастырады және бұл үрдісті алдағы уақытта да жалғастыра беруге ниетті.
Серік Жұмабек
