Емхана атын жамылған алаяқтар пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Емхана атын жамылған алаяқтар пайда болды

14.04.2025

Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді. Интернет алаяқтар тағы бір айла ойлап тапты. Бұл жолы емханалардың атын жамылып, қоңырау шалып жүр. Алаяқтардың схемасы мынадай: кез келген адамға қоңырау шалып, скринингтен өтуге шақырады. Кейін телефонға келген СМС-кодты айтуды сұрайды. Осыған алаңдаған министрлік мемлекеттік медициналық мекемелер тексеруге жазылуды СМС-код арқылы растауды талап етпейтінін ескертеді. Мұндай кодтар, әдетте, цифрлық сервистерге кіру немесе қандай да бір операцияларды растау үшін пайдаланылады. Алаяқтар бұл мәліметтерді сіздің жеке акаунттарыңызға немесе цифрлық құжаттарыңызға, соның ішінде eGov, екінші деңгейлі банк қосымшаларына кіру үшін қолдануы мүмкін.

Асылбек Данияр  

Хабарламаларға жазылу