Трамп Украинадағы соғыстың басталуына 3 адамды кінәлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Украинадағы соғыстың басталуына 3 адамды кінәлады

15.04.2025


АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыстың басталуына 3 адам кінәлі деп мәлімдеді. Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің, АҚШ-тың экс-президенті Джо Байденнің, Украина президенті Владимир Зеленскийдің атын атаған.

Америка лидері өзінің бірінші президенттігі тұсында «Путин Украинадағы соғысты бастау туралы ойлаған жоқ. Ал Байден соғысты тоқтата алатын еді, алайда олай жасаған жоқ» ,- деп мәлімдеген. Трамп соғысты, адамдардың өлімін тоқтатуға тырысып жатқанын, жақында жақсы ұсыныстар болып қалатынын да айтты.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу