Шығыстағы Жаңа Бұқтырма кентінде мемлекеттік тілде білім беретін жаңа мектеп ашылды. Екі жүз орындық білім ошағы заманауи үлгіде жабдықталған. Оқушыларды ұлттық спорт түрлерімен шұғылдану үшін жеке кабинеттер де ашылды. Садақ атып, асық ойнау және қолөнер үйірмелері де жұмыс істейді. 5 мыңға жуық тұрғыны бар кентте қазақ тілінде білім беретін бұл жалғыз мектеп. Бұған дейін оқушылар 70 жыл бұрын салынған ескі ғимаратта оқып келген. Сондықтан ата-аналар мен мектеп ұжымы жаңа мектептің салынуын ұзақ күтті. Ал шығыста былтыр 10 жаңа мектептің құрылысы басталып, жетеуі пайдалануға берілген. Биыл тағы 13 мектеп салынып жатыр.
Нұрымбет Сақтағанов, облыс әкімі:
Мынау керемет мектепті Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен салып жатырмыз. Енді сендер де жақсы оқуың керек.
