Бүгін Қостанайда адам құқықтарын қорғаудың халықаралық тетіктерін таныстыратын семинар-тренинг өтті. Мақсат – қоғамның құқықтық сауатын көтеру. Жиында еңбек қатынасында туындайтын дау-даумай, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, адам саудасы, мүгедектер мәселесі мен бала қауіпсіздігі сияқты әлеуметтік түйткілдерді халықаралық механизм арқылы шешу жолдары таныстырылды.
Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:
Егер Қазақстанда сіздің құқықтарыңыз қорғалмаған жағдайда, мысалы, жоғары соттың жауабын алдыңыз, Бас прокуратураның, сізде қандай механизм қалды, сіз енді не істеуіңіз керек дегенде, біз сол БҰҰ алты келісімшартты органдарына арыз-шағым жазу механизм тетіктерін үйретеміз. Бұл - халықаралық механизм.
Мәдина Нағашыбай
