Бюджет ақшасын жымқырып, оны жылыстатты деген күдікпен мәслихаттың бұрынғы депутаты Б.Қ.Әбішевке және басқа да адамдарға қатысты тергеу ісінде жаңа фактілер анықталды. Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігі Департаментінің директоры Б.С. Аимбетов 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезінде алаяқтыққа қатысты екені белгілі болды.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
Тергеу деректеріне сай, Б.К. Абишев пен Б.С. Аимбетов 29 ауылшаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, элиталық түрдегі малина көшеттерінің жалған жеткізілуі туралы құжаттарды қолдана отырып, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын субсидияларды алған. Тергеу соты Б.С. Аимбетовке қатысты екі айға «қамауда ұстау» шарасын санкциялады. Тергеу жалғасуда.
Темірлан Нұрсолтан
