Қазақстанда автокөлік өндірісі дамып жатыр. Былтыр салаға салынған инвестиция көлемі 189 млрд теңгеден асты. 2023 жылмен салыстырғанда 5 есе өскен. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан халықаралық көрмеде айтылды. Оған 22 елден 350-ден астам компания қатысып жатыр. Оның ішінде Германия, Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және Қазақстанның ірі кәсіпорындары бар. Бұл – Еуразиялық кеңістіктегі автокомпоненттер мен сервистік қызметтерге арналған ең ірі салалық шаралардың бірі.
Ануар Малик, BMCA Kazakhstan директоры:
Осындай деңгейдегі шаралар – саланың ғана емес, ел экономикасының дамуына да қажет. Әрбір салынған қаржы мультипликативті әсер береді. Automechanika – әлемдегі ең ірі көрменің бірі. Қазақстанның осындай маңызды алаңға айналуы – біз үшін үлкен мәртебе.
Айя Мүтәлі
