Легионерлерді бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Легионерлерді бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынды

15.04.2025

Енді шетелдік легионерлерге бюджет ақшасы төленбейді. «Самұрық-Қазына» секілді квазимемлекеттік субъектілер де оларды қаржыландыра алмайды. Президент бүгін дене шынықтыру және спорт саласын дамыту саясатын жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды. Бұдан былай бюджет қаражаты тек төрт бағытқа, яғни жоғары жетістіктер спортына, мемлекеттік дене шынықтыру спорт ұйымдарының қызметіне, бұқаралық спортқа және спорттық инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады. Спорт федерацияларын аккредиттеуге қатысты ережелер де жетілдірілді. Енді олар ұлттық және жергілікті болып бөлінеді. Заңға «спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары» ұғымы енгізіледі. Оған сәйкес, спортшылардың бойына дәстүрлі құндылықтарды сіңіруді көздейтін бірыңғай даярлау стандарты әзірленбек.

Президент спорт саласы бойынша заңға қол қойды

Шетелдік легионерлерді бюджеттен және квазимемлекеттік сектор есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.

Бюджет қаражаты тек төрт бағытқа жұмсалады:

1. Жоғары жетістіктер спортына;

2. Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметіне;

3. Бұқаралық спортқа;

4. Спорттық инфрақұрылымды дамытуға;

 Спорт федерацияларын аккредиттеуге қатысты ережелер жетілдірілді.

 Заңға «спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары» ұғымы енгізіледі.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу