«Таза Қазақстан» акциясына 6,2 млн адам қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таза Қазақстан» акциясына 6,2 млн адам қатысты

15.04.2025

«Таза Қазақстан» акциясына 6,2 млн адам қатысты. Оның 229 мыңы ерікті. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграмм парақшасына жазды. Оның сөзінше, Мемлекет басшысының бастамасымен іске асқан жоба аясында 183 экологиялық акция өтті. Нәтижесінде 1,1 миллион тоннадан аса қоқыс жиналып, 1,6 миллионға жуық ағаш көшеті егілді. Елдімекендер, өзен-көл жағалаулары мен тарихи ескерткіштер маңы тазартылып, рұқсат етілмеген 4,8 мың қоқыс орнының 93 пайызы жойылды. Тұрғындар үшін арнайы @TazaQazBot чат-боты іске қосылып, халық тарапынан 15 мыңнан аса өтініш түсті. Басым бөлігі шешімін тапты. «Президент айтқандай, бұл – бір реттік акция емес, ұлттың экологиялық мәдениетін қалыптастыратын тұрақты дәстүр болуы тиіс»,-дейді Руслан Желдібай.

Айя Мүтәлі 

Хабарламаларға жазылу