Қытай үкіметі елдің авиациялық компанияларына Американың «Boeing» ұшақтарын сатып алмауға бұйрық берді. Бейжің мұндай шешімді АҚШ-тың қытайлық тауарларға жариялаған 145 пайыздық тарифіне жауап ретінде қабылдап отыр.
Сонымен қатар Қытай Құрама Штаттарда жасалған ұшақтардың қосымша бөлшектері мен құрал-жабдықтарын әкелмеуді сұраған. Мұның нәтижесінде әуе сапарларының құны өсуі мүмкін.
Тағы бір айта кететін жайт, осы мәлімет тарағаннан кейін «Boeing-тің» акциялары 2 пайызға арзандап кеткен.
Арыстан Рысбек
