Ұлттық кітап күні: Елде «Ұлттық кітап» апталығы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық кітап күні: Елде «Ұлттық кітап» апталығы басталды

16.04.2025

23 сәуір – Ұлттық кітап күні. Биыл алғаш рет атап өтілетін атаулы күнге орай еліміздің барлық кітапханасында ұлттық кітап апталығы басталды. Астанадағы академиялық кітапханада ашық есік күні өтіп жатыр. Шара аясында иллюстрациялық кітап көрмесі мен «Коворкинг» орталығының ашылуы, сондай-ақ «Mecenat.kz» әдеби сыйлығы таныстырылымы жасалды. Бұдан бөлек әдеби кештер мен шеберлік сағаттары және тағы да басқа инновациялық іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Күміс Сейітова, Ұлттық академиялық кітапханасының директоры:

Ең біріншіден бұл – кітапты ұлықтау. Ұлттық кітабымызды ұлықтау, жазушылырды ұлықтау. Өйткені мына кітапхана оқырман мен жазушының арасындағы көпір деп айтуға болады. Сондықтан ең үздік кітаптарымызды, оқырманға керек, патриоттық тұрғыдағы кітаптарымызды көрмеге қоюға тырыстық.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу