Ел бойынша медицина қызметкерлерінің тапшылығы азайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел бойынша медицина қызметкерлерінің тапшылығы азайып келеді

16.04.2025

Елімізде өңірлердегі дәрігерлер тапшылығы 19 пайызға, орта медицина қызметкерлері тапшылығы 7 пайызға азайды. Жалпы қазір ел бойынша 270 мыңнан астам медицина қызметкері бар. «Дипломмен ауылға» бағдарламасын 600-ге жуық жас пайдаланған. Қосымша 207 дәрігердің әрқайсысына 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлемдер берілді. Мамандарды даярлауға арналған квоталар саны 2,5 мың орынға дейін ұлғайтылды. 2024 жылы медицина саласындағы түлектердің жалпы саны 10 570 адамға жеткен, оның 52 пайызы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыды. Бұдан бөлек, Президенттің бастамасымен алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы үш дәрігерге берілді. Саланы қаржыландыруға биыл 2 трлн теңге жоспарланған.

Ақмарал Әлназарова, Денсаулық сақтау министрі:

Медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау мамандарының күнделікті, орасан зор еңбегінің арқасында біз сала жұмысында оң өзгерістерге қол жеткіздік. 2025 жылы Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін қажетті шараларды одан әрі жүзеге асыратын болады.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу