Мәжілісте сессия басталғалы 62 заң қабылданған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте сессия басталғалы 62 заң қабылданған

16.04.2025

Ел Парламенті Мәжілісінде сессия басталғалы бері 62 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. Президент 55 заңға қол қойды. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Президент қабылдауында айтты. Ол заңдардың қатарында Су кодексі, қаржы нарығын дамыту және осы бағытта тұтынушылардың құқығын қорғау, денсаулық сақтау және ойын бизнесі сияқты ел ішінде қызу талқыланған бағыттар бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тағы да бірнеше салаға қатысты заң жобалары пысықталып жатыр. Кездесуде Мәжіліс төрағасы жаңа салық кодексінің бірінші оқылымының қорытындыларын, Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады. Сондай-ақ Ерлан Қошанов AMANAT партиясының төрағасы ретінде «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» және «Әкімдер мектебі» сияқты ірі жобалар жүйелі іске асырылып жатқанын айтты. Шетелдік әріптестермен де байланыс берік. Президентке парламенттік дипломатия аясында атқарылған жұмыстардың барысы баяндалды.  

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу