Шымкентте бала өлімінен кейін әкім қызметінен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте бала өлімінен кейін әкім қызметінен кетті

16.04.2025

Шымкентте кәріз суы жиналған көлшікке құлап, қайтыс болған 7 жасар баланың өлімінен соң Қаратау ауданының әкімі қызметінен кетті. Ал осы салаға жауапты басқарма басшысына қатаң сөгіс, сондай-ақ қала әкімінің орынбасарына сөгіс берілді. Жергілікті билік кәріз жүйесіндегі ақауды жөндеуге байланысты жобалық сметалық құжаттар әзірленгенін және қауіпті аймақты қалпына келтіру жұмысы 1,5-2 айда аяқталатынын айтты.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу