Президент жеті елшіден сенім грамотасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жеті елшіден сенім грамотасын қабылдады

17.04.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бірқатар мемлекеттің елшісін Ақордада қабылдады. Президент резиденциясында Беларусь, Таиланд, Молдова, Мьянма, Кения, Албания және Италияның дипломаттарына сый-құрмет көрсетілді. Елшілер Мемлекет басшысына сенім грамоталарын табыстады.

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтап, ынтымақты дамытуға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді. Еліміз бейбіт әрі көпвекторлы сыртқы саясат ұстанады. Сондай-ақ халықаралық қатынастарда диалог пен ықпалдастықты негізге алып, Біріккен Ұлттар ұйымының Жарғысын қатаң сақтау айрықша маңызға ие, деді Президент.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу