Әуе билеті қымбат: Сенатор шешу жолын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуе билеті қымбат: Сенатор шешу жолын ұсынды

17.04.2025

Әуе билеті қымбат. Сенатор Сүйіндік Алдашев бұл қымбатшылықты авиациялық отынның жетіспеушілігімен байланыстырды. Депутаттың айтуынша, отандық мұнай өңдеу зауыттары сұранысты жаба алмайды. Салдарынан сырттан тасуға тура келеді. Билет құнының 37%-ы авиаотын сатып алуға кетеді. Сенатор Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдап, проблеманы шешудің бірнеше жолын ұсынды.

Сүйіндік Алдашев, Сенат депутаты:

Өкінішке орай бүгінде авиаотынды сатудың және оның бағасын белгілеудің ашық тетігі жоқ, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұл мәселені реттеуге бірыңғай көзқарасы жоқ. Отандық азаматтық авиацияны басқарудың тиімді оңтайлы үлгісін әзірлеуді, отандық мұнай өңдеу зауыттарында өндірісті ұлғайту мәселесін шешуді ұсынамыз.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу