«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң нәтижесін бере бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң нәтижесін бере бастады

17.04.2025

Қаңтардан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң нәтижесін беріп жатыр. Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл осылай деді. Алғашқы тоқсанның қортындысы бойынша былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл 2,5 есе көп сомаға сатып алулар жасалған. Шағымдар саны да айтарлықтай азайыпты. Мысалы былтыр 3 айда 9,5 мың шағым түссе, биыл 8,5 мыңнан аспаған. Алдағы уақытта рейтингтік балдық жүйе одан әрі жетілдірілмек.

Дәурен Кеңбейіл, Қаржы вице-министрі:

Біздің басты мақсатымыз, осы жүйеге барлық сатып алуларды көшіру. Біздің жоспарымыз бойынша бірінші қыркүйектен бастап орташа ремонт, абаттандыру жұмыстарын осы жүйеге ауыстырамыз. Адами факторды алып тастап, 5 күнде әр тапсырыс беруші өзіне керек жұмыстарды, қызметтерді, тауарларды ешқандай конкурстық комиссиясыз сатып алуы тиіс. Біздің мақсатымыз осы.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу