Трамп әлемдік саудаға тағы салық енгізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп әлемдік саудаға тағы салық енгізбек

17.04.2025

Дональд Трамп Америка экономикасы мен әлемдік саудаға тағы соққы бермек. АҚШ президенті енді елге сауда кемелерін кіргізуге салық салмақшы. Бұл - Американың Қытаймен бәсекеде жеңіліп қалған кеме жасау өнеркәсібін жаңғыртуға бағытталған шара. Сонымен бірге бюджетке кіріс тартудың көзі. Жаңа ереже Пасха мерекесіне дейін жариялануы мүмкін. Бұл жолы Трамп тарифті енгізбес бұрын елдің кәсіпкерлерімен кеңесіп алуды жөн көрген. Америка лидерінің пікірінше, жергілікті кеме жасау зауыттары құлдырап, теңізшілердің азаюы елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу