Трамптың өкілдері Парижде Еуропа дипломаттарымен кездесіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамптың өкілдері Парижде Еуропа дипломаттарымен кездесіп жатыр

17.04.2025

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы елшісі Стив Уиткофф пен мемлекеттік хатшы Марко Рубио Парижде Еуропа одағы және Украина дипломаттарымен кездесіп жатыр. Бұл келіссөздердің мақсаты – Украинадағы соғысты тоқтату. Айта кетсек, Франция астанасындағы жүздесу Трамптың осы қарулы қақтығысқа нүкте қою әрекеті сәтсіздікке ұшырап, Вашингтон Киев пен Мәскеуден түңіле бастаған сәтте ұйымдастырылып отыр. Өткен аптада Стив Уиткофф Мәскеуде Ресей президентімен кездесті. Болжамдарға қарағанда, америкалық өкіл сол кездесудің қорытындысын еуропалық дипломаттарға жеткізеді. Ал еуропалықтар Құрама Штаттардан Ресейді шартсыз ымыраға көндіруді талап етпек. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу