Қостанайда мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиеші үтік басып күйдірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиеші үтік басып күйдірген

18.04.2025

Қостанайда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернатта тәрбиеші 16 жастағы жасөпірімді үтік басып күйдірген. Қыз баланың денесіндегі күйік іздерін ауысымды қабылдап алған қызметкер байқаған. Оқиғадан соң мекеме директоры мен 2 тәрбиеші, санитар жұмыстан шығарылды. Қылмыстық іс қозғалды. Заң бойынша кінәлі 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Әлия Мекебаева, Қостанай облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

Бейнебақылау камерасына тәрбиеші баланың артынан ұрын жүріп, үтікті артына жасырып келе жатқаны түсіп қалған. Мұндай әрекетке баруына отбасындағы жеке мәселелер әсер етті деп түсіндірді. Дәрігерлер баланы ауруханаға жатқызған жоқ, жарасына жағатын дәрі жазып берді. Қазір онымен психолог, психиатр мамандар жұмыс істеп жатыр.

Мәдина Нағашыбай


Хабарламаларға жазылу