АҚШ президенті Дональд Трампты қолдау деңгейі төмендеген. Мұны британиялық The Economist басылымы хабарлады. Мақалада Трампты сайлаушылардың әрбір бесіншісі Ақ үй басшысының баға мен салыққа қатысты саясатын қолдамайтыны айтылған. Тіптен 2024 жылы қазіргі президентке дауыс бергендердің бір бөлігі одан теріс айналған дейді мақала авторы. Сәуір басында Трамп 185 елге баж салығын енгізген еді. Алайда бірнеше күн өткеннен кейін тарифтердің күшін 90 күнге дейін тоқтатты.
Арай Төлеген
