Ақтөбе облысында «Мектеп орманшылығы» жобасы басталды. Жауаптылар бұл шараның еліміздің өзге аймақтарында баламасы жоқ дейді.
Өңірдегі білім беру мекемелері мен орман шаруашылығы ұйымдары бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Әр мектепке мемлекеттік орман қорынан учаскелер бөлініп беріледі. Бұл аумақтарға оқушылар жасыл желек отырғызып, оларды күтіп-баптауды үйренеді. Жазғы демалыс кезінде аптасына екі рет келіп, көшеттерді суарып, айналасын арамшөптерден тазартады. Оларға кәсіби орманшылар көмектесіп отырады. Жоба «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының заңды жалғасы саналады. Бүгін Ақтөбе қаласынан бөлек төрт ауданда 700-ден аса көшет отырғызылды.
Айша Тілегенова, оқушы:
Біздің мектепте түлектер әр жыл сайын тал отырғызады. Біз мұндай шараларға көп қатысамыз. Қарағай, қайың, шырша секілді ағаштар отырғызылды.
Жақсыбек Кемал
