Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді. Қазіргі уақытта іс материалдары тараптарға танысу үшін ұсынылған. Содан кейін ғана айыпталушыларды сотқа беру мәселесін шешу үшін прокуратураға жолданатын болады. Айта кетейік, «Хутор бандасы» қылмыстық тобының басшысы деп танылған ол былтыр қараша айында ұсталып, қамалған еді. Тергеу барысында үстінен бірнеше бап бойынша яғни, адам ұрлау, бопсалау, денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактілері бойынша іс қозғалған.
Ернұр Медет
