Жол апаттарының алдын алу үшін жаңа тәсілдер енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол апаттарының алдын алу үшін жаңа тәсілдер енгізіледі

23.04.2025

Еліміздегі жол апаттарының алдын алу үшін жаңа әдіс енгізіледі. Енді аса қауіпті жолдар тарылтылады. Мәселен, бұрын 3 жолақты болған трассалар, екі жолаққа ауысады. ІІМ бұл тәжірибе АҚШ пен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде бұрыннан қолданылып келе жатқанын атап өтті. Қауіпті жол бөліктерінде қозғалыс жолағы кішірейген кезде жүргізуші автоматты түрде жылдамдықты азайтып, сақтық танытады. Ал бұл қара жолдағы қасіретті азайтуға септігін тигізеді, дейді мамандар.

Айта кетейік, былтыр елде 32 мыңға жуық жол апаты болып, 43 мыңнан астам адам зардап шегіп, 2579 азамат қаза тапқан.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу