ІІ д.с. ардагері алматылық Тамара Максимова 101 жасқа толды. Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында ғасыр жасаған кейуанаға құрмет көрсетілді. Тамара Максимова небәрі 17 жасында қан майданға өз еркімен аттанған. Қаршадай қыз Мәскеуден Волоколамск тас жолындағы госпитальға барып, жараланған жауынгерлерге көмектеседі. Өзі 1943 жылы ауыр жарақат алып, елге оралады. Соғыстан соң Мәскеу институтының тарих және филология факультетіне оқуға түседі. Кейін ғылым кандидаты дәрежесін алып, ұзақ жылдар университетте шәкірт тәрбиеледі.
Тамара Максимова, соғыс ардагері:
Мерейлі жасымда құрмет көрсетіп жатқан баршаңызға рахмет айтамын. Мен үшін жасымның қаншаға келгені маңызды емес. Менің уақытым текке өтпеді. Еңбек еттім, ел үшін, жер үшін тер төктім. Мен үздіксіз қозғалысты жақсы көремін. Ұзақ жасауымның да сыры осы болар.
Айдана Қуантхан
